Баян Мақсатқызы өзі түсірген Қозы-Көрпеш-Баян сұлу фильмінен туындаған дауға қатысты өз ойын ашып айтты. Меруерт Түсіпбаеваның бұл реттегі сынына да жауап берді.
Бұл туралы белгілі продюссер Gakku FM радиосына берген сұқбатында айтты.
“Мен кино сынына қатысты толық қанық емеспін. Өйткені ол кезде мен Тайландта жүргем.
Ал ақпараттың өмірі үш күн ғой. Үш күн жүреді де бәрі ұмтылады…
Меруертпен сөйлеспейді екенмін. Оның Инстаграмына тіркелген де емеспін. Оның парақшасын ашып та қарамаймын.
Өзімнің поштама жолданған мақалаларды қарап шықтым. Әрине, оны маған жанашыр адамдар жолдады. Содан кейін жауап жаздым. Өйткені әрбір іс-әрекетіме жауап беретін жауапты адаммын.
https://kaz.365info.kz/tugaly-beri-bayan-makhsatkhyzynyn-kishi-khyzy-shyndykhty-zhajyp-saldy-foto-299951
Инстаграмымда өзімнің бұл еңбегімді мақтан ететінімді жаздым. Өте жақсы жұмыс істедік.
Бөлінген ақшасына тұрады, әрине. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Оның үстіне өз ақшамызды да қостық. Өйткені оны бітіріп берейік дедік.
Бәсенеден белгілі, бұл біреудің тапсырысымен жасалған нәрсе. Солай жасау біреуге керек болды.
Мен бұл еңбегім үшін еш ұялмаймын, керісінше оны мақтан тұтамын.
Ол арада мәселе менде де емес. Сондықтан пиғылы алабөтен адамдардың не ойлағанын мен ашып айта алмаймын. Мен “еттартқышқа” түсіп кеттім,
бір адамдарға жету үшін құрбандыққа шалындым, ендеше бұл әңгімені осы арадан қайырған дұрыс. Осы әңгіме басталғанда-ақ оның артында нендей нәрсе тұрғанын жақсы түсіндім, сондықтан ақылды адам ретінде өзімді сабырлы ұстап, әліптің артын бақтым”.
https://kaz.365info.kz/byl-meruert-bayan-makhsatkhyzynyn-kensesin-tonap-ketti-297471
Айта кетейік, бұған дейін бірнеше қоғам белсендісі, сонымен қатар әнші Меруерт Түсіпбаева да Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынаған болатын. Әнші Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап еткен.