Алматы облысында көмір тапшылығы жойылғандай. Бірақ алматылықтар әлі үйін жылыта алмай отыр. Өйткені мұнда қазір сатылып жатқан көмір дұрыс жанбайды, сапасы өте нашар.
Айта кетелік, Алматы облысында тапшылық қысқан кезде мөшектеп сататындар 450 теңгелік бір қап көмірді 1000 теңгеден, 700 теңгелікті 1800-2000 теңгеден сатқан еді.
Алматы облысында кешелі бері тапшылыққа қатысты жағдай түзелді. Қазір барлық жерде көмір самсап тұр. Бірақ баға бұрынғы қалпына түспеді.
Енді кіші қап 500 теңгеден, үлкені 800 теңгеден сатылуда. Иә, саудагерлер арадағы дүрбелеңді пайдаланып, бұрынғы бағаға 50-100 теңге қоса қойған.
Ал бір тоннасы 20-25 мыңнан сатылған көмір мұнда қазір 15 мың теңгеге түскен.
https://kaz.365info.kz/bizge-ajtuga-bolmajdy-deputattar-komir-maselesin-kotermejdi-300261
Топырақ та тас та жүр арасында. Бұл „отход„ қой дейді күйінген халық.
„Ауыздарын жапсын дей салған секілді, мынау сұмдық қой, „вообще„ жанбайды„ деп ашынады Алматы облысының тұрғындары.
https://kaz.365info.kz/amaldyn-zhogynan-bardym-komirsiz-khalgan-khazakh-ne-istegenin-ajtty-video-300090