Ұлыбритания мен Германияның ғалымдары бірігіп, 24 жаңа препаратты кәрілікті тоқтата алуы мүмкін және өмірді ұзартады деп таныды. Зерттеу bioRxiv.org репозиториясында жарияланды.
Қартаю – зақымданған ДНҚ жиынтығы мен жасуша, тіндер және ішкі органдардағы гомеостазындағы ауытқулардан тұратын кешенді процесс.
Осылайша, ғалымдар қартаю маркері болып келетін гендердің белсенділігін анықтады. Ғалымдар қартаюға қарсы әлеуетті заттарды іздеу үшін Connectivity Map мәліметтер базасын пайдаланған. Онда транскриптер синтезіне әсер етіп, оны күшейтетін немесе басатын дәрілік препараттар туралы ақпарат бар. соның ішінде гендердің белсенділігіне әсер етіп, адам өмірін ұзарта алатын 24 қосынды табылды.
Сонымен қатар, бұл тізімдегі ресвератрол және сиролимусты қоса алғандағы төрт препараттың қартаюға қарсы әсері бары бұрын да айтылған екен. Оларды негізінен жануарларға сынап көрген.