Бір жарым миллион теңге парамен ұсталған Әуезов театры директорына қатысты сот процесі мүлдем басқа қырынан өрби бастады, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.
<8u3ylt fтышулы істегі басты куәгер — Қайрат Баянов күтпеген жерден тергеушілерге қарсы шағымданып отыр.
«жемқорларды тұзаққа түсіруге арналған қорда ақша қалмады» деген сылтаумен Ұлттық бюроның жедел уәкілдері одан 600 мың теңге қарызға алып, сол күйі қайтармапты.
Ал ол ақшаны Біләл баяғыда-ақ жұмсап жіберген.
Сондай-ақ бүгінгі сотта сол параның қалай алынғандығы жөнінде бүге-шүгесіне дейтін айтылды.
Біләл хикаясының одан сайын өрбитін түрі бар.
Кешегі сот отырысына атышулы актер үйінен келді. Өйткені, Ерлан Біләл кінәсін бірден мойындағандықтан, қолхатпен бостандыққа жіберілген болатын.
Ал қомақты соманы ол балалардың жаңажылдық кешін ұйымдастырушылардан алған. Әйгілі «Сезам» театрының басшысы залды жалға алу үшін «академ театрдағы» әріптесіне бақандай бір жарым миллион теңге ауызбастырық беріпті. Біләл сол ақшаның екінші жартысын, яғни 900 мың теңгені алып жатқанда ұсталғанын айта кетейік.
Біләлдің өзі мұны сыйлық деп ақталуға тырысқанымен, Қайрат Баянов мүлдем басқаша айтады. Біләл бопсалады, тіпті, «ақшаны әкелмесең, спектакль өтпейді» деп, қоқан-лоққы жасады, дейді сотта сөз алған «Сезам» театры басшысы.
Бүкіл труппа далада қалатын болған соң, Баяновтың арызданудан басқа амалы қалмапты.
Алайда, Ерлан Біләлді ұстап беруі сол екен, аяқасты халық жауына айналып, әріптестері де теріс айналған.
Қайрат Баянов, «Сезам» театрының директоры:
– Бүгін мен далада қалдым! Далада! Не үшін бәрі маған жабылып, бүкіл…Мен не, не істедім? Мен тек қана жақсылық істегем!
Бұдан бөлек, бүгін істің құпия тұстары да айтылды.
Сөйтсе, Біләл Баяновтан ақшаны жаңа жыл кеші өтпей жатып, алдын ала беруді талап етіпті.
Жапонияға жолға жиналған театр басшысы жүріп-тұрғанға бір жарым миллион теңге керек депті-мыс.
Бірақ, параны сол кезде санап беруге тергеушілер рұқсат бермей, уақытты создырған екен. Параның бірінші бөлігін Біләл театр ішіндегі темекі шегетін бөлмеге алдырған. Ал қалған екінші бөлігін, яғни 900 мың теңгені сахна сыртындағы қараңғылау жерге алып келуді тапсырады. Сол ақшаны алу кезінде, сахна сыртында ұсталған.
Десе де, істің бүгін-ертең бітетін түрі жоқ. Өйткені, енді сол пара ретінде берілген ақшаға қатысты үлкен дау шыққалы тұр.