Алматы облысы бір күнде қараң қалды. Жер-көкте көмір жоқ. Мөшекпен алатындар сабылып кетті. Көмірдің бір қабы – 1800-2000 теңге. Онда да оны тапса қуанады…
Әрине, еліміздің жер асты және жер үсті байлығынан түсіп жатқан табысқа әрбір қазақстандықтың ортақтасуға құқы бар. Оны болашақ үшін деп Ұлттық қорға жиған Үкімет халқының жайлы өмір құруына барлық жағдайды жасауға міндет алған.
саясаттан да, жалпы Үкіметтің не істеп жатқанын да шатағы жоқ, ешкімге өкпесі де, талабы да жоқ мына бір қазақтың хаты біздің көңілімізді қозғады. Хатты сол күйінде бере кетелік.
„Байсеркеде тұрам, күнделікті мөшекпен көмір алам. Күзде жинап жүрген ақшам той-жиынға, жоспарланбаған шығынға кетіп қалды. Сөйтіп 2 тонна ғана түсіргем. Керек болса қыс ортасында тағы түсірем немесе мөшектеп шығып кетем деп ойлағам. Болмады.
Кеше Байсерке, ГРЭС-тің жолын жағалай көмір таппадым. Содан Барахолкаға төмен ылдилап Шаңырақтан шықтым. Онда да жоқ. Содан Құлжа трассасына тарттым. Жоқ. Үйге не деп барам? Талғарға бір-ақ бардым. Қолыма 1800 теңгеден (700 теңге болған) екі мөшек көмір әрең тиді. Қымбатына қарап жатқан жоқсың. Батарей қатып, үйдегі бала тоңбаса дейсің. Қырқынан да шыққан жоқ. Екі мөшек не болады? Кешке дейін жоқ қой. Одан соң не істеймін?..
https://kaz.365info.kz/ne-bop-ketti-ozi-komir-yrlagan-tytyldy-akhsha-yrlagandar-khytyldy-289462
Көрші Саматтың мұржасына қарадым. Түтін жоқ. Есігін қақтым. Қараңғыны күтіп отырмын дейді. Сөйтіп екеуміз түнде жол бойына шықтық. Екеумізде де болгарка. Сөйтіп жол бойындағы бір-бір қарағашты кесіп алып, көліктің артына байлап, сүйреп үйге алып келдік. Дар-дар дауыс. Сәкең екеуміз әкелген ағашымызды түн ортасына дейін жаңқаладық. Жоқтан бар әйтеуір. Бірақ мәселе шешілген жоқ. Ары кетсе бір-екі күн. Одан соң не істейміз?..
Шымкент көршім бар. Ол көрінбейді. Оның мұржасынан да түтін шығып жатқан жоқ. Не де болса сол бір ақыл айтар деп есігін қақтым. Есік ашылғанда жылы леп бетімді шарпыды. Таң қалдым. Сөйтсем кондиционер қосып қойыпты. Зима-лето дей ме, бірдеңе. Қайнатып тұр үйді. 180-200 мыңдай болады екен бағасы. Қызығып қалдым, бірақ ондай ақшам жоқ.
Самбырлаған Шымкент көршім кондиционерді ұзақ пайдалануға болмайтынын айтты. Ауаны құрғатып жібереді дей ме, сондай әйтеуір себебі бар көрінеді. Мен оған қызығып тұрсам, ол ауыл басындағы Дәукеңнің тірлігіне тамсанып, аузының суы құрып мақтады.
Сөйтсе Дәулет ағамыз кәдімгі газ балонмен үйді жылытып отыр екен. Сол көмір болмай қалған. Мен секілді ол да сабылған, ақыры болмаған соң қолды бір сілтеп, базардан ең арзан деген газға арналған пешті сатып алыпты. 75 мың теңге дейді. Россиский болу керек. Содан бір жағын жылу жүйесіне бір жағын газ балонға қосыпты. Бір газ балон 5 күнге жететін көрінеді. Сонда айына 6 газ балон кетеді. Демек, бұл 3200-ден есептегенде – 20 мың теңге. Көмірге қарағанда арзан. Қандай тамаша?.. Тағы қызығып кеттім.
https://kaz.365info.kz/ozderi-goj-ykimette-akimder-komir-tapshylygyna-halykhty-kinalap-esep-beripti-284054
Бірақ бір қосқанда бір емес бірнеше балонды қосу керек көрінеді. Давление болу үшін. Мұны да көру керек екен. Бірақ қауіпсіз секілді. Ақыры тағы да жаман көлігіммен көмір іздеуге шықтым. Топбазаға бардым. Маңайларына жуытпайды. 2 тонна десең күледі. Есіктен тек Камаздар шығып жатыр. Қайтем, бір Камаздың артына түстім. Гүлдалада бір үйге барып тоқтады. Сөйтсем мөшектеп сататындар екен. Кісілер де жинала қалды. Бірінші боп көмір менің қолыма тиді. 450 теңгелікті 1000 теңгеден алдым. 10 мөшек өңгердім. Кәдімгідей қуанып қалдым. Енді топбазадан шығатын Камаздарды аңдимын. Менің тапқан жолым осы…„
Жәнібек, Алматы облысы
Көмірге талас. Тақырыпқа орай Интернетте жүрген видеолар:
https://www.youtube.com/watch?v=FEOX75ytLNw