Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Атырауда 10 жастағы бала бір жылда 60-тан астам кітап оқыған

Жас оқырмандарға да айрықша назар аударылды. Үшінші сынып оқушысы Иманәлі Самиғолла бір жылда 60-тан астам кітап оқып, «Ең жас оқырман – 2026» номинациясына ие болды. Ал 18 жастағы Фатима Мұқанова 155 кітап оқып, «Үздік кітапқұмар – 2026» атанды.

Үздік оқырмандар қатарында Айя Әжіғалиева мен 7 жасар Әли Мұхамбет те бар. Ол «Бүлдіршін оқырман – 2026» номинациясымен марапатталды.

Атыраулық Есжан Ақсеріковтің кітапқа құштарлығы да көпке үлгі болардай. Жасы 87-ге таяған ақсақал осы күнге дейін 450 кітап оқыған. Қария тарихи және көркем әдебиеттерді қош көреді.

Ал Жасұлан Тұрашев — 2024 жылдан бері Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімінің тұрақты оқырманы. Ол Брайль қарпімен және аудиоформатта 150 кітап оқыған.

Фестиваль аясында белсенді оқырмандар Төлеген Жаңабай, Аяла Жауылбай, Аягөз Шарухан, Лаура Дулатқызы, Гүлсана Бағытжанова, Орынхан Қанатбайқызы да марапатталды. Іс-шараға қатысқан барлық оқырманға алғыс хат табысталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз