Шымкенттің 18-мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің маңынан мәйіт табылды, деп хабарлайды TVK арнасы.
Топыраққа терең көмілмеген дене ойын балаларының көзіне түсіп қалған.
Қылмыс 21 желтоқсан күні жасалғаны белгілі болды. Күдікті кісі өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті сол күні таңғы 4-тер шамасында гараждардың арасына көме салған.