Бұл барлық мемлекетте бар үрдіс. Өткенде біреу : „Діннің дамыған жері – Сауд Арабиясының өзінде де сондай көбейіп кетті„ – деп айтты.
Бұл туралы Евразия арнасының „Пендеміз ғой„ бағдарламасының қонағы рухани шипагер, молда Әбдінайым Қарақожаев айтты.
„Бұрын домалақ арыз жазып қарсыласының, дұшпанының көзін құртып жататын. Қазір өйтуге қорқады. Қазір адамдар қара жынға көп жүгіне бастады. Қара сиқыр жасайтындарға ақша береді.
Сиқыр жасалған адам күннен күнге солып, ауырып жатып қалады. Сөйтіп бәрі жайына қалады. Қайта-қайта ауыра берген соң жұмыстан да шығып қалады ондай адам. Оның орнын қара ниетті адамды осылай оп-оңай ала салады.
Саудагерлер де келді алдыма. Жұмыс орныма барсам ауырып қала берем деп шағымданады көбіне. Сөйтсе күнделікті шай-пай ішіп, араласып жүргендер сиқырға жүгініп, оны дұғалаған болып шығады. Көп ондай адам. Алдыма келеді. Оқыған соң жаман нәрсені құсып, көздері ашылып, жақсы боп қалады. Жұмыс орнына да барып Құран аяттарын барып оқыған соң ол араны жайлаған жындар кетіп, ана адамның саудасы қайтадан жақсы жүре бастайды.
Қуылған жындар соны жасаған адамға барып жабысады немесе Құран аяттың күшімен сол арада көзі жойылады.
Адам өзі екі бөліктен тұрады. Дене және жан. Біз денеміз ауырса дәрігерге барып, медицина қызметіне жүгінеміз. Қазір дәрігерлер де түсініп қалды. Аппаратқа түсіреді, анализ тапсырады, ештеңе таппаса, бізге қарай жолдайды.
https://kaz.365info.kz/zhyn-kirdi-degen-osy-zhiynda-bir-dindar-khorkhynyshty-khimyl-zhasady-video-290827
Қарасаң, үйінде бәрі жақсы. Әке-шешесі жағдайын жасап мәпелеп отыр. Қатты бір қиындығы жоқ. Бірақ өз-өзінен оқшауланып, өмір сүргісі келмей қиналады.
Мұндайда молдаға әкеліп оқыту керек. 1-2 сағатта немесе бірнеше күннен соң ол бала жақсы боп кетеді. Басып немесе мініп алған жын түседі арқасынан сонда.
Алматыда имам боп жүрген кезде бір кісілер келді. Баламызды суицидтен екі рет құтқарып қалдық, не істесек болады деді. Содан үйлеріне бардым. Құран аяттарын оқып, тазаладым. Баламен сөйлестім. Не болды деп сұрадым.
Сөйтсем қап-қара кісі келіп, қолына тұзақ алып, осыны мойныңа сал деп айта береді дейді.
Намазға жығылды, мешітке жиі келетін болды. Қазір жақсы, үйленіп, балалы-шағалы болды.
https://kaz.365info.kz/zhalgyzdykhtan-sharshagan-okho-tyrgyny-ozinin-zhynys-myshesin-kesip-tastady-288491
„Қаратауда жүргенімде тағы бір оқиға болды. Бір жігіт үйіне келіп тамақ ішіп болған соң әйеліне: „Қазір жатып тынығып алайын, бір сағаттан соң оятып жібер, жұмысқа барам„ – дейді. Уақыт өткен соң әйелі бөлмесіне кірсе күйеуі шөлкиді мойнына салып, отырған күйі батареяға асылған. Мойнын жіп қимаған да. Ізі де жоқ, бірақ адам өліп кеткен. Мұны жынның буындыруы дейді.
Негізі, жын адамға қатты стресс алғанда кіріп алады.
Жын, негізі әжетханада кіреді. Өйткені ол – жындардың мекені.
Сондықтан ол араға: „Мені еркек және әйел жындардан қорға„ деп айтып, сол аяқпен кіру керек. Қажітіңізді өтеп болсаңыз, тез шығып кетуіңіз керек. Ал біреулер сол араға кітап, телефон алып кіреді, хабарлама жазады, тіпті кино көреді. Лас жерде көп отырған сайын қауіп те көп. Қазақ лас нәрсені адам аяғы баспайтын жерге төгеді. Өйткені сондай жерді жын мекендейді. Сүйек-саяқтар мәселен. Қазір сүйекті адамдар қабір басына барып іліп жатыр, бұл дұрыс емес„ – дейді рухани шипагер.
https://kaz.365info.kz/artis-moldanyn-zhyn-shygaruy-281194
Бағдарламаға келген психолог мамандар бұл кісінің айтқанымен келіспей біразға дейін дауласты. Бірақ сенім мен таңдауды әр адам өзі жасайтынын естен шығармалық.