Адамның шын мінезі, ой-пікірі һәм қабілеті жеке басы үшін саяси-экономикалық тәуелсіздік туғанда ғана білінеді (салыстырмалы түрде айтып отырмын, абсолют тәуелсіздік болмайды, әрине).
Өркениетті режимдер заңның үстемдігін орнату арқылы халқына осындай саяси-экономикалық азаттық әпереді. Ал қудалаушы режимдер заңнан үстемдігін орнату арқылы халқына бас көтертпей, кішігін – ұлығына, адалын – арамына, әділін – әккісіне, маманын – мансапқорға, кәрісін – жасына кіріптар етіп қояды. Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы, әрі беріден соң шын өмір сүруі қиынның қиыны. “Кісінің қолына қарағанның күні құрысын” дейді қазақтың бір мақалы. Рас сөз.
Ғалым Боқаш
Фейсбуктегі парақшасынан