Жедел медициналық көмек көрсетудің ғылыми республикалық орталығының өкілдері денесінен 18 ине шыққан сәбидің өлімі жайлы мәліметті жоққа шығарды, – деп хабарлайды NUZ.UZ.
Осыған дейін денесінен 16 ине шыққан 11 айлық сәбидің көз жұмғаны жайлы хабарланған еді.
Алайда сәбидің өлімі жайлы мәлімет расталмады. Жедел медициналық көмек көрсетудің ғылыми республикалық орталығы NUZ.UZ тілшісіне сәбидің тірі екенін және жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ташкентте 11 айлық сәбидің денесінен 16 ине табылғаны жайлы хабарланған болатын. 11 айлық сәбидің шешесі баласының жиі мазасызданатынын айтып, көмек сұрап келген. Бастапқы медициналық зерттеу барысында сәбидің тамағы ісініп, темперарутасы көтерілгені анықталған. Дәрігерлер оны тұмауратып қалған деп топшылапты. Алайда баланың зәр шығаруы қиындап, осыдан кейін дәрігерлер баланы рентген аппаратына түсірген. Осы кезде баланың денесінде 16 бөгде зат табылған. Баласы мен шешесі дереу Ташкентке жөнелтілген.