Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Алматыда сегізінші қабаттан құлаған қыздың әкесі құсадан қайтыс болды (фото)

19 жасында қыршын кеткен қыздарының өліміне себепкер азаматты жауапқа тарту үшін Тілеугүлдің ата-анасы қалалық прокуратураға да шағымданған. Осы уақытқа дейін істе алты тергеуші ауысып, соңында «қылмыстық құрам жоқ» деп толықтай тоқтатылған.

https://kaz.365info.kz/almatyda-bir-top-zhigit-alyp-khashkhan-19-zhastagy-bojzhetken-oli-kyjinde-tabyldy-foto-274268

«Біз қалалық прокуратураға шағымданған соң “істі бақылауға аламыз” дегенімен, бірнеше сараптама жасау керектігі туралы өтінішті қанағаттандырмаған болатын. Бірақ, 35 баптың 1-тармағы бойынша іс жабылып қалды. Марқұм Қуаныш Зәкірханұлы осыған қатты ашуланды. Алайда, істің қысқартылғанына Алатау ауданының прокуратурасы келісім бермей, кері қайтарған. Қазір Тілеугүлдің өліміне қатысты құжаттар кімде және қайда екені де белгісіз» ,- деді қорғаушы Камиша Есмұхамедқызы.

https://kaz.365info.kz/8-khabattan-khylap-mert-bolgan-khyzdyn-olimine-sebepker-degen-zhigittin-sureti-zhariyalandy-foto-275269

Естеріңізге сала кетсек, 19 жастағы бойжеткен Тілеугүл Қуаныштың өлі денесі Алғабас ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан табылған еді. Аталған оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Себебі, студент қыз өлер алдында “мені алып қашып бара жатыр” деп туыстарына қоштасу хатын жазып кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз