Шымкентте қаңтар айының басында ағаштар бүршік жарып жатыр. Еліміздің аумағы арқылы Арктикалық антициклон өткеніне қарамастан, Шымкентте демалыс күндері күн жылы болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Шымкентте 20-21 қаңтар аралығында ауа температурасы 13-14 градус жылы болған. Ал түнде ауа температурасы -1 градусқа ғана төмендеді.
Синоптиктер мұндай ауа райы 23 қаңтарға дейін жалғасады деп болжады. Мұнан кейін күн суытады. Мұндай жағдай еліміздің оңтүстігінде алғаш болып отырған жоқ. Айдың басында ағаштар бүршік жарып, бақбақ гүлдеген еді.