10-сынып оқушылары жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда шамамен түнгі сағат 3.10-да Луговой станциясындағы “Дидо-3” жанармай құю бекетінде болған.
“Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шараларының арқасында шабуыл жасаған барлық бес жігіт бірден ұсталды. Олар кінәларын мойындады. Үшеуі Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары болса, қалған үшеуі колледж студенттері болып шықты. Олар бастапқыда дүкен маңында орналасқан төлем терминалына шабуыл жасамақ болмаған. Аппаратты балта мен балғаның көмегімен аша алмаған соң олар Құрымбаев пен Әуталипов көшелерінің қиылысында орналасқан “Дидо-3″ жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған. Сондай-ақ, оларға қаруға ұқсас затпен сес көрсетіп, кассирден ақша талап еткен”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.