Күннің суық кезінде жұрттың қуатты тағамдарға ден қоятыны белгілі. Біз, қазақтар бұл кезде етті көбірек жейміз. Ал оны бір жерлерде «ет ауқат» деп, енді бір жерде «қамыр тамақ» деп те жатады.
Көбірек қолданылатын атауы – бесбармақ. (Бізде тіпті «Бесбармақ – шоу» деген де телебағдарлама бар). Дегенмен бұл атаудың дұрыс емес екені белгілі, ол жөнінде айтылып та, жазылып та жүр,деп жазады Замана.
https://kaz.365info.kz/khozyp-ketem-sakhaldy-zhigit-zholdybaevany-korgende-napsisine-ie-bola-almaj-khalatynyn-ajtty-297299
Таяуда қолымызға 2012 жылы Алматыдағы «Слон» баспасынан шыққан «Қазақтың этнографиялық категориялары, ұғымдары мен атауларының дәстүрлі жүйесі» деп аталатын энциклопедиялық еңбектің 2-томы түскен еді. Соны оқып отырып, ұлттық тағамымызға қатысты бүгінде архаизмге айналып кеткен көптеген деректерді ұшырастырдық. Мысалы, онда етке қосылып пісірілетін қамырды оңтүстікте «қамыр», «күлшетай» десе, Көкшетау жақта «құлақ нан» деп, батыста – «ет наны», солтүстікте – «жұқа нан», Батыс Қазақстан облысы өңірінде – «іңкәп», еліміздің шығыс өңірінде, Қытайдағы, Монғолиядағы қазақтар арасында – «шелпек», Қарақалпақстан мен Түркіменстан қазақтарында «күртік» деп атайтыны туралы айтылыпты. Сондай-ақ «бесбармақ» деген сөздің тілдік қорымызға орыс отаршыларының кемсітіп атауымен енгені жөнінде сөз болады. Яғни оны орыс шенеуніктері ойлап шығарған екен.
Ендеше біздің неге ата дәмімізді әлі күнге дейін осы атаудан арылтқымыз келмей жүр? Оның несін қимаймыз?
Ұлттық тағамымызды «Атадәм» деп атайық, ағайын! Біздің бұл ұсыныс-бастамамызды қолдайтындар қазақ арасынан көптеп табылады деген сенімдеміз.
https://kaz.365info.kz/shashyn-zhajyp-makhpal-zhynisova-ozgerisimen-tan-khaldyrdy-video-297199