Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Қарағандының эстафета құрамасы Азияның үздік нәтижесін тіркеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Николай Барсановтан тәлім алатын Виталий Земс, Владислав Григорьев, Вячеслав Земс, Давид Ефремов 4х200 метрлік эстафетаға жүгірген болатын. Бұл төрттік аталған қашықтықты 1:26:70 минутта жүгіріп өтті. Сөйтіп, Азияның үздік көрсеткішін орнатты. Бұған дейінгі рекорд Жапония құрамасына тиесілі еді. Олар 1991 жылы 200 метрді 1:27.04 минутта кесіп өткен. Қарағандылық атлеттердің осы нәтижесін ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Азия жеңіл қауымдастығына жіберетін болады.
Әйелдерден екі команда жарыс жолына шықты. Александра Залюбовская, Роксана Оспанова, Вероника Брославская, Валентина Степанковская бастаған Павлодар құрамасы Шығыс Қазақстан қыздарынан жылдам болып шықты.
15 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты.
4х200 метрлік эстафета, ерлер:
1. Қарағанды обл. – 1.26,70 мин.
2. Павлодар обл. – 1.28,94 мин.
3. Ақмола обл. – 1.30,21 мин.
4х200 метрлік эстафета, әйелдер:
1. Павлодар обл. – 1.44,58 мин.
2. ШҚО. – 1.47,44 мин.