Рики Мартин өзінің Джоэн Юзеф есімді дос жігітіне үйленді.
Әнші үйлену күнін белгілегенін, алайда тойдың әлі болмағанын айтып сұхбат берді. Айтуынша, барлық құжатқа қол қойып, неке туралы куәлікке толтырған.
“Ол менің күйеуім. Ол менің азаматым”, – дейді әнші.
“Сіз той туралы еститін бірінші адам боласыз”, – деді әнші тілшіге.
Әншінің күйеуі швед суретшісі. Мартин Юзефпен 2016 жылы танысқан. Бірге жұмыс істеп жүріп, араларында сезім пайда болған. Қараша айында әнші телешоу кезінде өзінің ер адаммен үйленетінін айтқан еді.
1999 жылы Livin’ la Vida Loca ән жинағы таралған соң Рики Мартиннің атағы әлемге жайылды. Бір ғана әнінің өзі ән тарихындағы ең қымбат әндер қатарына жатады.