Мақпал Жүнісова 54-ші туған күнін әуеде қарсы алды.
Туған күнін ұшақ бортында қарсы алған әншіні қызметкерлер тәтті торт әкеліп құттықтаса, жолаушылар әнмен сүйемелдеп отырды.
Мұны Жүнісова өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.
“Қайырлы таң, ұшақта да туған күнді қарсалып жатқан,берекелі бейсенбіде баршаңызға тек жақсылық болсын!”,- деп жазды әншінің өзі.
Туған күні әдеттегіден ерекше өткен әншіге желідегілер де ақ тілектері мен лебіздерін жаудырып жатты.
“Мақпал апай туған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңіз сау болсын!Қызыңыздың қызығын көріңіз! Аман болыңыз!”, “Қандай керемет! Сыйлы жан екеніңізді осыдан-ақ білуге болар. Бақытты болыңыз!”, “Мақпал қандай бақытты жансың! Ұшақта туған күн қарсы алған қандай керемет! Жүз жаса!”,- деп жазды Мақпал Жүнісованың оқырмандары.