Қытайдағы концертін ортасынан үзіп, уақытша демалыс алған Димаш Құдайберген үйіне оралды. Ақтөбеде ол әжесінің қолынан ыстық шәй ішіп, жақсы демалып жатыр.
Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
“Ақтөбеде мама екеуміз көрші мамама, “құдайы қонақ” болып сəлем беріп келіп қалдық. Үйде маманың қасында болған ең керемет демалыс қой. Турне жалғасуда. Келесі концертте көріскенше, достар”, – деп жазды әнші.