Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-13
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

“Қырғыздың жігітімен…”. “Қоңыр” тобының экс-әншісі шындықтың бетін ашты

475

Жасым отызға келді деген Жазира шетелге әйел бақытын табу үшін барғанын жасырмады.

https://kaz.365info.kz/khonyr-tobynyn-eks-anshisi-malajziyada-model-bolyp-zhyr-269288

«Жеке өмірімді құру үшін кеткенім рас. Жас қыз емеспін, жасым біразға келді. Он жыл өнер көрсеттім, мен де өзімнің жеке өміріме көңіл бөлейін деп бір азаматпен шетелге кеттім. Шетелдің азаматы болғанымен, ең бастысы ол кісі -мұсылман. Оқуын шетелде оқып бітірген және сол жақта кішігірім бизнесі бар. Ұлты қазақ емес, қазір бәрі: “Неге ондай шешім жасады?” деп таңғалатын шығар. Менің анам қырғыз елінің қызы, менің таңдауым түскен жігіт те – қырғыз.

Біз бірге Малазияға кеттік. Қазір көбі «жігіттің артынан шетелге кетті» деп мені сөгетін болар. Мен ол жаққа әйел бақытын іздеп кеттім. Шетелге бір-бірімізді жақсы таниық, мінез-құлқымызды білейік деп бардым»,- деп айтты Жазира.

Сегіз ай Малазияда тұрған әншінің қырғыз жігітімен махаббат хикаялары сәтсіз аяқталған.

«Нәтижесі онша болған жоқ. Бардым, сегіз ай көлемінде Малазия елінде тұрдым. Өзге елде жеті-сегіз жыл тұрған адамның менталитеті, ой-санасы өзгереді екен. Екеуміздің санамыз бір-бірімізге сай келмеді. Ол кісі ауызбен тау қопаратын жан болғанымен, іс-әрекеті жағынан ақсап жатты. Сонымен екеуміз жараспадық, арамызда ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Ол да үлкен азамат, мен де үлкен азаматшамын. Ақыл тоқтатып, бір-бірімізге ақылды әңгіме айтып, бір шешімге келіп елге қайтайын дедім»,- деді әнші.

https://kaz.365info.kz/arman-khonyrbaev-asha-matajdyn-kozine-shop-salyp-zhyr-me-foto-275919

Жазира шетелде жеке өмірінен бөлек, модельдік бизнеспен айналысқан. Бойшаң қызды Қытайдың компаниялары өз елінің атынан үлкен конкурсқа бет-бейне ретінде шығуды да ұсынған.

«Табыс көзі шетелде модельдік бизнес болды. Қытайлық ірі компания менің « Табысты әйел Аруы» конкурсының бет-бейнесі болғанымды қалады. Олар маған жайлы пәтер, қымбат көлік, қомақты гонорар ұсынды. Бірақ “Қытай елінің атынан шығасың” деген шарт қойды. Мен ұлтым қазақ, дінім мұсылман болғандықтан бұл ұсыныстан бас тарттым»,- деп мәлімдеді Жазира.

Жазира қырғыз жігіті үшін шетел асқанына еш өкінбейтінін жеткізді.

«Өкінген жоқпын. Мен ол жаққа бармағанымда: «Шақырған кезде барғанымда бәрі жақсы болар ма еді, өмірім ертегіге айналар ма еді…» деп өкінумен өтер ме едім?! Бардым, шетелдің өмірі қандай болатынын көрдім, көптеген достар таптым, модельдік бизнестің қыр-сырын білдім, ой-өрісім кеңейді. Уақытты артқа шегеретін болсақ, мен бәрібір осы таңдауды жасайтын едім.

Бүгінде өнер жолына қайта келдім. Қарапайым әншіден халық ән күтеді. Сол себепті ән жаздыртып, бейнебаян түсірсем деп жүрмін. Бұл махаббатым сәтсіз болғанымен, алдымда хайырлы адам күтіп тұрған шығар. Қазір басым да, жүрегім де бос»,- деді әнші.

https://kaz.365info.kz/kharakhalpakh-ta-adam-khajrat-nyrtas-ozinin-kim-ekendigin-mojyndady-287473

Еске салсақ, Жазира Қошанова «Қоңыр» тобынан 2016 жылдың желтоқсан айында кеткен. Жазираны он жыл өнер көрсеткен топтың қорытынды кешінде әріптестері зор қошеметпен шығарып салып, әншінің өзі көзіне жас алған-ды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз