Қылмыстық топты құрықтау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Астана мен Степногор қалаларында қатар жүргізген.
Елімізде заңсыз өндірілген алтын кенін контрабандалық жолмен Қытайға тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Қылмыстық топты құрықтау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Астана мен Степногор қалаларында қатар жүргізген.
Бұл жолы олардың қолына заңсыз өндірілген алтын кенін 2 вагонға тиеп жатқан жерінде кісен салынды.
Салмағы 106 тонна қоспа алтынды аспан асты еліне шекара асырмақ болған топтың ішінде Қытай азаматы да бар. Тіпті арам ойларын іске асыру үшін жалған құжаттар да пайдаланыпты. Қазір арнайы қызмет, ұйымдасқан топтың басқа да қылмыстарын әшкерелеуге кірісті.