8 қаңтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 23 м/с болады, бұрқасын болады.
Қостанай облысында таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.
Атырау облысының кей жерлерінде, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.