Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Не дейді?”. Компьютер мен видео ойындарға тәуелділік психикалық ауытқуға жатқызылмақ

289

Бұл туралы ұйымның баспасөз хатшысы Тарик Язаревия мәлім етті деп хабарлады “Хабар-24“. Ал бұл құмарлықты қалай анықтауға болады?

Мамандар компьютер және видео ойындарына шамадан тыс көп уақыт жұмсау, күнделікті шаруаларды ысырып тастау, одан келген зиянға қарамастан, әрі қарай жалғастыра беру, аталған дерттің басты белгілері екенін айтады. Ойынға құмар адамның мұндай әдеті оның жеке өмірі мен жұмысына әсері анықталған жағдайда осындай диагноз қойылады.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, диагнозды қою үшін кем дегенде бір жыл уақыт керек.

«Ойындарға құмарлықты психикалық ауытқуға жатқызу шешімі көптеген елдің әзірге жаңа ауру түрімен күресудің оңтайлы жолдарын табуға септігін тигізеді», – дейді ұйым өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз