Жаңаөзенде Аяз атаның киімімен көшеде билеп жүрген адамды полиция іздеп тауып, айыппұл салды.
Бұл туралы жергілікті Лада басылымы жазды.
Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, көшеде ойнақтап, көлік қозғалысына кедергі келтірген Аяз ата Жаңаөзен қаласының 1972 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол өзінің кінәсін толық мойындады.
Оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 11 345 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде Аяз атаның киімімен көшеде билеп жүрген адамды полиция іздеп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.