Астана тұрғыны ұрланған машинасының қайда тұрғаны жайлы ақпарат берген адамға 2 млн теңге беруге уәде етті.
Осындай хабарламасы бар Сапар Шәмшиевтің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы интернетті шарлап кетті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы рет машинаны Байырқұм көшесіндегі (қалаға қарай) камера түсіріп алған. Қара түсті бейтаныс Lexus LX 570-тің бәріне назар аударуларыңызды және күдікті машиналар туралы 87770010203, 87770010188 немесе 102 нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймын. Өтініш, егер Көкшетау, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және басқа да шекара маңындағы қалаларда таныстарыңыз болса, осы хабарламаны жіберіңіздерші. Машина тұрған жер туралы хабар үшін 2 000 000 теңге сыйақы беруге уәде беремін», – деп жазды Сапар Шамшиев Фейсбукте.