Нұрсұлтан Назарбаев Салық кодексіне қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Мемлекет басшысы салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы” Заңға қол қойғаны айтылады.