Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Сол керек саған…”. Төрештің намысына тиген қандай сөз?

265

Әлгінде ғана оқыдық.

“Төреш, сені Кіші жүздің баласы болғандықтан көре алмай жатыр! Кіші жүздер алға!” депті.

Күлдік. Күлкіні келтіреді өйткені. Арты ақымақшылыққа ұласқан мұндай ұрандардан аяқ алып жүре алмайсыз әзір.

Әлеуметтік желіні шолып отырғанда мына бір жазбаға көзіміз түсті. Біртүрлі екен. Бірақ, негіз бар. Астарлы емес, ашық дүние. Кез-келген түсінеді. Кез-келген пікір айта алады. Жу аль Нис ибн Дәу деген лақап атты автор жазыпты.

Ықшамдап ұсындық.
https://kaz.365info.kz/yly-dalanyn-byzakhy-balasy-dana-nyrzhigit-toregaliden-teris-ajnaldy-295168
Бір мәрте дәл осы әлеуметтік желіде отырғанда “Қайрат Нұртас түскен фильм өз шығынын ақтамады” деген тақырыпты көзім шалды. Астында пікірге біреу “Əншіліктен өшкен соң әйелін шығарыпты ғой. Ешкім бармау керек қой” деп жазыпты.

Рахаттанады. Рахаттанамыз. Сондай танымал, бақуатты адамдар сәтсіздікке ұшыраса жанымыз кіреді. Себебін біле алмаймыз.

Былай қарасақ, олардың бізге істеген ештеңесі жоқ. Тіпті бізді танымайды да. Бірақ, соларды боқтасақ, сәтсіздігін көрсек жанымыз жай табады.

Кеше де Төреғалидың дауында. Жұрт риза. Сол керек саған, Төреғали дейді. Ол не үшін айтты екен, неге бүйтті екен деп ойланбайды да. Просто Төреғали красавчик, басына бақ қонып тұр, дауыс десе дауыс бар, домбыра да тартады, түр келбеті де келіскен, обшым – өнерлі жігіт сұлтаны. Міне, сол жұрт мақтай беретін Төреғали тағы да шалыс басыпты. Ха! Енді боқтау керек оны.

Әне көрдіңдер ме, Төреғали деп жүргендерің қандай екенін? Сауап саған, Төреғали!

Біз осылай көсемсінуіміз керек. Сол кезде жанымыз жай табады. Сондай халықпыз ғой. Абайды да бұрын ұрып, тепкілеп кеткенде осындай айтушылар болған шығар. “Әә, бәлем. Өзінше ақылдысымақ еді. Жұртқа ақылшы боп жүруші еді. Сауап саған” деушілер болғандығына жүз пайыз сенімдімін.

“Ойбай біз Қазақ деген ең ұлы халықпыз, таза ұлтпыз, бауырмашылмыз. Басымыздан сөз асырмаймыз, тектіміз. Намыстымыз. Біреу намысымызға тисе жайратып саламыз, қарап тұрмаймыз, ондаймыз мұндаймыз” деуші еді баз біреулер.

Пішту. Іші толған нала, жеккөрініш, біреудің сәтсіздігіне мәз болатын, іші тар, жүрегі қара халық екенбіз әлі. Өз сөзіне өзі қарсы келетін екісөйлегіш екенбіз. Қайда басымыздан сөз асырмайтындығымыз?! Өнерліні, туған жерді, жігіт намысын бағалайтынымыз?! Төреғалидың намысына тиіпті ана шал (зал куә), “Қызылорда атын жер қылдың” деген жала жауыпты. Намысты жігіт мұндай сөзге шыдап тұра алады ма?!

Төреғали шыдай алмапты. Енді, сонысына да кінәлі өзі болып қалды. Қайда сонда басынан сөз асырмайтын, қайратты қазақпыз деген сөз?!

Обшым, қаймана қазақ! Дәстүрімізді жалғастырайық! Салтымызды сақтайық! Яғни, тағы 3 күн бойы Төреғалиды боқтаймыз жаппай бәріміз! Ал кеттік! Салтын сақтаған қазақтар, қайдасыздар?!” деп сөзін түйіндеген Жу аль Нис ибн Дәу,

Рас, айтады. Төреғали әлі екі-үші “таяқ жейді”. Оған дейін өршеленіміз. Одан соң ұмытамыз. Ылғи солай бізде…Мағынасы жоқ даулардың құйрығы келте.
https://kaz.365info.kz/toregalidi-keshire-almajmyz-akhyn-toregali-tashen-295215

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз