Үкімет ереже бұзған көлік жүргізушілерге бірқатар жеңілдік жасамақ. Бұдан былай тек өрескел заң бұзғандарға ғана айыппұл салынады. Онда да қазіргіден бірнеше есеге төмен,-деп жазды КТК арнасы.
Мәселен, енді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналаған тұраққа машинасын қойғандарға 22 мың теңге айыппұл салынады. Бұрын жүргізушілер 113 мың төлейтін. Өзге де тыйым салынған жерге тоқтағандарға айыппұл екі есеге азайды.
Полицейлерге бағынбай, қарсылық танытқандар бюджетке 68 мың теңге аударуы тиіс. Ал ұсақ ереже бұзғандарға көбіне ескерту жасалмақ. Сенат бірқатар өзгеріс енгізіп, төменгі палатаға қайта жіберген Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексті бүгін Мәжіліс мақұлдап берді.