Алматыда “Алтын Орда” базарының маңында ер адамды көлік қағып кетті. Оқиға 17 желтоқсанда кешкі уақытта Райымбек ауылына барар жолда болған.
Бұл туралы “Территория происшествий” бағдарламасына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамды ашық түсті көліктің жүргізушісі қағып кеткен. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті.