Қазіргі заманның бірден -бір табыс көзі ол-жарнама. Жұлдыздар әншілік, я болмаса актерлік жұмыстарынан алған қаражаттарымен шектеліп қалмай, танымалдылығын пайдаланып әлеуметтік желілерде де белсенділік танытады. Оның құны, әрине, шарықтап тұр.
Жарнаманың түрлері көп, талаптары да бөлек. Кинолардан танымал актер Санжар Мәдидің жалаңаштанған кейпін көрмеген едік, жарнамадан көре алады екенсіздер.
Видеоның астына:
“+18. Сізге ұнарына күмәнім жоқ. DAR компаниясының ИТ командасы DAR Vis аталатын қызықты мессенджер ойлап тапты. Оның көмегімен бір-біріңізбен сөйлесіп қана қоймай, ақшаны тез аударып, қызметтерді төлеуге, ақшаны “бір ортаға” жинап, суреттер жіберуге болады. Менің суретімді”, – деген жазба қалдырған.
“Күтпеген жағдай”, “Керемет”, “Санжардан мұндайды күтпеппін”, деп пікірлерін қалдырып жатты желідегілер.