Алматыда «Жыл таңдауы-2017» байқауы дүркіреп өтіп, жеңімпаздары айқындалған еді. Оған қатысудан бас тартқан Төреғали Төрәлі байқау аяқталған соң да тынши алмапты.
Айта кетелік, «Жыл таңдауы-2017» байқауына қатысатындар қатарында 91 тобы болғандықтан, Төреғали Төреәлі оған қатысудан бас тартқан.
Өз жазбасында Төреғали Төрәлі байқауда Айнұр Тұрсынбаевамен айтысқа түсіп, жеңіліс тапқан Дидар Қамиевке өлең жолдарын арнады:
«Бәйгені бермей жүйрік-тұлпарларға,
Жүлдені бермей қыран-сұңқарларға.
Кешегі кешті жасап жүргендердің
Қулығымен болады түлкі алдауға.
Дидарым, сен xалықтың таңдауысың
Басқаларын білмеймін кім таңдауда?
Асылым-ау, ғасырдың таңдауы ең ғой
Жылтыңдап нәғып жүрсің жыл таңдауда?!», – деп жазды әнші.
https://kaz.365info.kz/shydap-zhyrdim-erke-esmahan-algash-ret-toregalimen-bolgan-zhanzhal-turaly-ashykh-ajtty-290067
Өз кезегінде әншінің желідегі оқырмандары да байқаудың әділетсіздігін айтып жатты. Тіпті, айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваны сынағандар да табылды.
«Айнұр Тұрсынбаеваның дәурені өтті. Неге ол жүлдені ала береді?» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
https://kaz.365info.kz/auyr-sozderge-kharamastan-toregalidin-tojyn-yjymdastyrgan-zhigit-agynan-zharyldy-285730