Алматылық Данэлия Төлешева Украинаның «Голос. Дiти» танымал талантттар шоуында тағы да жеңіске жетті.
Ән байқауы әр кезең сайын күрделеніп барады. Осы жолы 100 дарынды баланың үштен бірі ғана келесі турға өтті деп хабарлады „Хабар-24„ телеарнасы.
Данэлия Төлешова, «Голос. Дiти» талант-шоуының қатысушысы:
– Арманым қолға алған кез келген ісімнің маманы, сол істің шебері болғым келеді. Ән салғанда да солай, ән сөздерін жүрегіммен айтамын, жанымды саламын, тыңдап отырған көрермен мен сияқты сол әнге ғашық болуы тиіс.
Данэлия діттеген мақсатына осы жолы да жеткен сияқты. «Голос. Дiти» телешоуының талғамы биік төбе билері 3 әнші қыздың арасынан Данэлияны тағы да жеңімпаз деп жариялады.
Данэлия Төлешова, украиналық «Голос. Дiти» шоуының қатысушысы:
– Бірігіп ән салатын үш әншіні таңдағанда қатты қобалжыдым. Қарсылас қыздарымның осал емес екенін жақсы білемін. Әрі Монатик өз командасына ең мықты әншілерді жинайтыны белгілі.
Қарсылас қыздарымның жасы үлкен, дауыстары зор.
Кейіннен жақсы дос болып араласып кеттік, олар мені сыйлап, өздеріне жақын тартты, біз ұсынған нөмір жақсы шыққан сияқты.
Наталья Чуракова, ұстазы:
– Екі қарсылас қыз украиналық, әрі Монатиктің өзі Украина азаматы, сондықтан бізде үлкен қорқыныштың болғаны рас.
Данэлияға бұл жолы жеңіске ұмтылу, намысты қолдан бермеу сияқты қасиеттері көмектескен сияқты. Біз украиналық мамандардың Данэлияны жеңімпаз етіп таңдағанына ризамыз.
https://kaz.365info.kz/daneli-goj-aty-sheteldik-bajkhauda-khazylardy-tanti-etken-danielya-khazakh-eken-288823
«Елдің дәні» – Данэлияның есімінің мағынасы осындай. Елдің сүйікті қызына кешегі шоу кезінде украиналық әншілер «Құдайдың өзі қолдаған қыз» деп баға берді. «Күннен-күнге көбейіп жатқан желідегі қолдаушыларыма, жаңа достарыма, атам мен анама әрі Димаш Құдайбергенов сияқты өнердегі ағаларыма ризамын», – дейді кішкентай қыз. Кішкентай қыздың армандары асқақ. Ол «елімнің абыройын асқақтатып, атын әлемге танытсам», – дейді.
https://www.youtube.com/watch?v=r25Em08gQAo