Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қарағандылықтар Сәкен мен Мейрамбекті “ішіп алып, сахнаға шықпады” деп айыптаған

“Аяқ астынан боран болып, екі көлік қақтығысып, жолда кем дегенде мына жаққа қарай 2000 көлік, бері қарай 2000 көлік Атбасардың екі ортасында сондай көлік кептелісі болып, ешкім өте алмады”, – дейді “Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев.

Жеке кештері ақыры өтпей қалады. Дегенмен, алдын-ала ұшақпен жеткен Кенжебек Жанәбілов пен вокалды аспапты ансамбльдің өзге мүшелерін, концерт залынан көрген көпшіліктің көңілінде күдік ұялаған.

“Кенжебекті көрдік, Сәкен мен Мейрамбек мас болып сахнаға шыға алмай қалыпты деген қаңқу әңгімелер, өсектер де кеткен”, – дейді Майғазиев.

«Музарттықтарға» қолайсыз ауа-райы қолбайлау болса, Кенталдың кешігуіне көп жағдайда өзі кінәлі болады екен.

“Ұшаққа кешігіп қалдым, сөйтіп тойға бара алмай қалдым. Сөйтіп маған тойдың иелері ренжіген. Түсіндіріп айттым. Кептеліс болады, сосын ұйқыдан тұра алмайсың уақытында”, – дейді Кентал.

«Ринголықтар» межелі жерге қайткенде де жетуге тырысады. Дегенмен, олардың да бірнеше мәрте келісілген тойға бармай қалған кездері бар.

“Елбасымыз бұйрық беріп, бізді шақыртып алған болатын. Сол себепті де, біз екі рет алдын-ала келісіп қойған жерлерге бара алмай қалған болатынбыз”, – дейді “Ринго” тобының әншісі Аян Бірбаев.

Сәтін салғанда, той иелері түсіністік танытып, бойз-бендке ешқандай кінә артпаған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз