Олар осы ұрлықтан басқа не біледі-ей, деп қоя жаздаймыз кейде. Әне, швейцариялық фотограф Марсель Буркард Қазақстанның жаңа 500 теңгелік банкнотынан өзі түсірген суретті танып, шалқасынан түсе жаздапты.
“Ойбай-ау! Қазақстан дейтін мемлекеттің Ұлттық банкі жаңа банкнот шығарып, дауға ілікті. Банкноттағы сурет менікі! Авторлық құқықтармен қорғалған.
Ұлттық банктің дизайнері менің суретімді ұрлап алыпты.
Жалқаулығы сонша, оны өзгертіп, толықтырып қоюға да ерінген екен. Ал Қазақстанның Ұлттық банкі ештеңе ұрлағанымыз жоқ деп, беті бүлк етпей отыр.
Мен қалайша қарап отырмақпын? Құқығымды қорғауым керек“,
– деп жазды Буркард.
https://gfycat.com/ru/gifs/detail/ThatOldGartersnake