Мына дағыстандық оқушы бала білім реформасына, мектептегі өміріне көңілі толмайтынын айтып отыр.
Желідегілер бұдан болашақ саясаткер шығады, мәселені көтеріп, дөп басып айта алады екен десіп жатыр.
“Сөмкем зілдей ауыр. Оны көтеріп мектепке барам. Ішінен бәрін алып, бәрін оқимын қара кешке дейін. Одан соң ше? Одан соң сол ауыр сөмкені сүйреп үйіме қайтам. Тағы да үстел басына отырып, кітаптарымды аламын, сабақ қараймын тағы да миымды шірітіп. Бүкіл күнім сонымен өтеді. Енді бір жарты сағат демалып, телефонмен отыра қалып едім, көзіңді құртасың деп шығасыңдар” деп жылайды оқушы…
“Әй, мына кеуек басты қатырамын, сабақ оқимын ғой мен, қолыма қалам алып жазу жазам. Не, ол оңай ғой дейсің бе?”, – дейді ашуланып.
https://kaz.365info.kz/ministrlikti-tirigin-shy-ardy-o-ushy-s-mkesini-salma-y-6-keliden-asyp-ketti-video-245478
Бір қарағанда күлкілі көрінгенмен, баланың сөзінде шындық бар. Қазіргі оқушыларда ойнауға уақыт жоқ екен ғой расында…
https://www.instagram.com/p/BcCgiMaBUYs/?taken-by=05_r_e_g_i_o_n