Сот кінәлі деп үкім шығарғаннан соң, генерал сот залында у ішіп алған.
Хорватия соты елінің генералы Слободан Пралякті кінәлі деп үкім шығарған. Сот залында аталмыш үкімді естіген генерал құтыдағы суды ішіп алып, артынша өзінің у ішіп алғанын мойындаған.
Мұны сот залында отырған Слободан Праляктің қорғаушысы да нақтылаған. Сот сол жерден тоқтатылып, генералды ауруханаға алып кеткен.