Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық пен оңтүстікте ғана кей жерлерде жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні — 18-23 м/с.
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады.