Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматы облысында 5 баласына алимент төлемеген ана жауапкершілікке тартылды

Ал 35 жастағы келіншек күйеуімен 2016 жылы заңды түрде ажырасқан. Алайда балаларды өзіне қалдырудан бас тартқан. Содан бері кәмелетке толмаған 2 ұл 3 қызды әкесі асырап келеді.

Сот шешімімен былтыр азаматшаға алимент төлеу міндеттелген. Бірақ бір жылдан астам уақыт бойы әйел бір тиын да төлемеген.

Қазіргі таңда келіншектің туған балаларының алдында 1 млн  теңгеден астам берешегі бар. Бір жыл бойы із-түссіз жоғалған әйелге құзырлы орган іздеу жариялап, Қарағанды облысынан тапты.

Келіншек сол өңірдің тумасы екен. Ол сот алдында тұрақты жұмысым болмағандықтан, алиментті төлей алмай жүрмін деп ақталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз