Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Нығматулин “Назарбаев моделінің” құпиясы неде екенін айтты

Мәжіліс төрағасының пайымынша, жаңғыру шараларын үздіксіз жүргізу «Назарбаев моделінің» тағы бір ерекшелігі болып саналады. Осы уақытқа дейін барлық шаралар жүйелі түрде бірінен соң бірі қолға алынып келеді. Ал “алдымен – экономика, одан кейін – саясат” деген ұстаным КСРО-ның таралуынан кейінгі қиыншылықтан сүрінбей өтуге көмектесті.

“Соның арқасында 1997 жылы “Қазақстан – 2030” стратегиясын іске асыруға кірістік. Аталған құжаттың мақсат-міндеттерін алдын ала орындап, “Қазақстан – 2050″ стратегиясына бет алдық. Енді, Қазақстанның үшінші жаңғыруына арналған үлкен бастаманы қолға алып отырмыз. Осылайша, Президентіміз бір мақсатқа жеткеннен кейін өзін де, xалқын да келесі міндеттерге жұмылдырып отырады”, – деп атап көрсетті Нұрлан Зайроллаұлы.

Оның айтуынша, Қазақстанды цифрландыру мен руxани жаңғыру xалықты әлі де үлкен жетістіктерге жетелейді. Ал Конституцияға енгізілген өзгерістер соның барлығын іске асыруға өз септігін тигізеді.

Айта кетейік, “Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі” тақырыбындағы xалықаралық парламенттік конференция ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр. Мәжіліске Ресей, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа, барлығы 15 елдің делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз