Иә, бізде Иван мен Меруерт, Мұрат пен Олеся сияқты жұптар бар. Махаббат өзі қазір ұлтқа да қарамайтын көрінеді.


Иван Бреусов өмірілік жары қылып қазақ қызы Меруерт Асанованы таңдапты. Отасқандарына 7 жыл болған, бірақ жалғыз ұлдарына Богдан деген орыс есімін беріп, қазір сол баласын өсіріп-тәрбиелеп келеді екен.

Біздің Бүркітіміз орысша жиі сөйлесе де, ұлты қазақ. Ал Аишасы таза метис: шешесі орыс, әкесі өзбек.

Әнші Парвиз Назаров пен Әлия Есенова. Парвиз Мәскеуде туған. Бірақ балалық шағы Душанбеде өткен. 90-шы жылдары Парвиз Қазақстанға көшіп келіп, Әлия Есенованы құлай сүйген екен. Содан бері екеуі бұл өмірде бірге келеді.

Қор болған қайран есім-ай… Лана-ның шын есімі Қорлан деседі. Күйеуі де қазақ емес — армян жігіті. Бұлар екі бала өсіріп отыр.

КВН-нің жұлдызы Құмар Қазаннан Мәскеуге баратын пойызда келе жатып татар қызы Гузельмен танысыпты. Екеуі 2005-ші жылы үйленді.

Енді бұл екеуінің тегі – Мутургановтар!
Ұлдарына анау-мынау емес, Майкл деген ат қойыпты. Мұраттың бірде «менен гөрі әйелім көбірек қазақ» деп қойып қалғаны бар.

Кезінде бір-біріне үйленіп алған екі актер қазір үш қыз өсіріп отыр екен. Ерден «Натальяны әлі де жақсы көремін», деп қояды.