Саша Барон Коэн Астанада «Бораттың су киімімен» жүрген туристерге қолдау білдірді.
Жақында Астанада шетелдіктер «Бораттың киімін» киіп елді шулатқан еді.
Актер туристерге салынған айыппұлды өзі төлейтінін айтты. Бұл туралы актер желідегі парақшасында жазды.
«Чех достарыма сәлем жолдаймын. Өздеріңізді дәлелдейтін мәлімет жіберіңіздер. Мен барлық айыппұлды төлеймін», – деп жазды Барон Коэн.