Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы кезінде екі баланың анасы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Апат болған Ақтөбе-Орск трассасына жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, онда жол белгілері қойылмаған . 37 жастағы келіншек кешкілік жұмысынан үйіне қайтып келе жатып, жолды кесіп өтпек болды. Сол кезде оны көлік қақты.
«23 жастағы жігіт Ақтөбе-Орск тасжолымен келе жатып, 37 жастағы келіншекті қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.