45 жастағы тележүргізуші Андрей Малахов алғаш рет әке атанды. Жұбайы Наталья Шкулева Малаховқа ұл сыйлады.
Бұл туралы Малаховтың өзі редакторлық ететін “Стархит” басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Сәби кеше кешкісін Мәскеу түбіндегі “Лапино” емханасында дүниеге келген. Ана мен баланың жағдайы қазір жақсы.
Айта кетейік, Андрей Малахов пен Наталья Шкулеваның отасқанына 6 жыл болған.
«Сәбидің есімін әлі таңдаған жоқпыз. Алдымен оның мінезін байқап көрсек деп едік. Ұлымның алғашқы жөргегін ауыстаратын сәтті күтудемін”, – деп бөлісті Малахов.