Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-7
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Оралда екі қыздың анасын қағып өлтірген ЖШС директоры болып шықты

Оқиға 11 қарашада болды. 13-і күні жол талғамайтын көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аймақтық басылымның мәліметінше, Toyota көлігінің рөлінде 37 жастағы ірі құрылыс компаниясының директоры болған. Аталған дерекке қатысты полиция пікір білдірмеді. ІІД баспасөз қызметі күдіктінің ЖШС директоры екенін ғана растады.

Евгенияның артында алты жастағы және сегіз жастағы екі қызы қалды. Қыздар қазіргі таңда Евгенияның ажырасқан күйеуінің қолында.

Марқұмның туысқан әпкесі Юлия Зубакинаның айтуынша, сол кеште сіңлісі дәріханаға дәрі алу үшін шыққан.

“Женяның қызының тамағы іріңдеп кетіп, ол дәріханаға дәрі сатып алуға барған. Дәл сол сәтте оны көлік қағып өлтірді. Бізге түсініксіз жайт оны көлік 9:30-да қаққан болса, оның қазасын неге түн жарымда естіртті? Неге оның телефонын ешкім көтермеді? Неге оның телефонына ешкім жауап бермеді? Бізге куәгерлер оның жүргіншілер жолынан өткенін айтты. Басқа да шулы істер сияқты, бұл істе де ақиқатын айтатын куәгер табылмайтын болар”, – деді Юлия.

Марқұмның қыздары әлі ештеңе білмейді.

“Оның қыздары аналарының қайтыс болғанын білмейді. Олар күн сайын аналарын сұрайды, “неге келмейді, неге телефон шалмайды” дейді”, – деді жыларман болған Евгенияның әпкесі Татьяна Бондаренко.

Отбасының айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі кешірім сұрап келген.

“Келді, көңіл айтты. Бірақ Женя енді оралмайды. Әлі күнге дейін оның қайтыс болғанына сене алмаймыз. Ол өте жарқын, мейірімді адам болды. Ол заң бойынша жазасын алуы тиіс, адамның өмірін қиды. Ешқандай ақша балаларына ана бола алмайды”, – деді марқұмның әпкесі.

Естеріңізге салайық, жол апаты Евразия даңғылында “Вторая база” аялдамасының маңында болды. Toyota Land Cruiser автокөлігі көпірге қарай жүріп келе жатып, әйел адамды қағып өлтірді.

ҚР ҚК 345 бабы, 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз