Экстрасенс АҚШ-қа қауіп төніп тұрғанын болжады. Оған мұны мыңдаған әруақтар келіп айтыпты-мыс.
Шетелдік БАҚ-тарда Виктория Райдос есімді ресейлік көріпкелдің болжамы көптеп тарап жатыр. Ол АҚШ-тың түбіне кім жететінін болжады деп хабарлады РЕН ТВ.
“АҚШ-қа атом бомбасы түседі, мұны Жапония жасайды, ол Хиросима мен Нагасаки үшін кек қайтарады” депті көріпкел.
Бірақ ол мұның қашан болатынын айтпапты. Жапония ядролық қару ұстамайтыны туралы айтқанда, көріпкел олар мұны басқаның көмегімен іске асырады деп салыпты.