Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Ер кісі сарқыт алуы керек”. Қазақ қызы ұмтылып бара жатқан дәстүрді еске салды (видео)

245

Осыны мысалға алған бойжеткен жазбасын сол күйі бере кетелік:

“Қазақ еркектері тойда сарқыт алып жүр. Масқара депті. Тіпті, бір саясаттанушы ағамыз оған арнайы пост арнапты. Желідегілер “не деген ұятсыз” деп оны ары апарып, талқылап тастапты. Сол есіме түсіп кетіп, атама айтқаным бар емес пе? Атам ашуланып кетті. “Оттамасын бәрі” деді. Қай жерде жазылып жүр, сол жерге жаз деп бұйрық берді маған…

Сөйтсе қазақта ер адамдар сарқыт алған екен. Қалың былғарыдан белбеуіне тағып алатын кісесі де болыпты. Сол кісеге сарқытты салады дейді. Тіпті, оған бір қойдың басы сыйып кетеді екен. Ол ол ма?..

Бас тартқан соң сол төрдегі қадірлі қонақ жамбасты да турайды екен.

https://kaz.365info.kz/rasul-zhymaly-erkek-basymen-paketke-sarkhyt-zhinau-ne-symdykh-282292

Ал жамбастың шұңқыр жерінде бидайдың дәніндей без болатынға ұқсайды. Сол безді кейбір келіншектер көрмей қалып, алмаса бәле дейді.

Безді алақанына бір саусақпен басқан қонағымыз сол дастарқанда барлық адамға әлгіні көрсетіп, “мынау не масқара” деп өзін күтуші үйді ұялтады екен. Ондайда қонақ еткен адам қадірлі қонағына ат-шапан сыйлап әрең құтылатынға ұқсайды.

https://kaz.365info.kz/sasyp-ketti-ajelkhymar-khazakh-erkeginin-tojda-maskharasy-shykhty-video-288093

Содан соң, тағы бар. Қазақ неге қонақшыл десек, оған даланың қатаң тәртібі мәжбүрлеген екен. Қонақ күту – кез келген қазақтың міндеті. Міне, бұл қатып қалған қағида. Егер аяқ-асты сау ете түскен қонақты үй иесі дұрыс күтпесе, олар кейін сол ауылдың ақсақалдарына немесе биекеңе барып, шағымданып, төрелікке жүгінеді екен. Сөйтіп кәдімгідей малмен айыппұл төлеуге мәжбүр болады пақырларыңыз дейді.

Бұдан соң қалай зырылдап жүріп күтпейсің қонағыңды?.. Намыс бар, бір жағынан айыппұлы бар. Одан да бір табақ етін асып, дұрыстап жөнелтіп жіберген абырой емес пе?..

Сіздерді қайдам, мен білмейді екем мұны. Саясаттанушы ағама мың рақмет, осындай сауалды ойыма салғанына деп қояйын)…”.

https://www.youtube.com/watch?v=FtUzyDWFdzk

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз