Қара пиар жасаудан жан салмайтын Сиви Махмудиге пиарды ұйымдастырып беретін өз жұбайы екен.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Өзі сол пиарды да ұнатады. Маған неше түрлі идеялар айтады. Қазір неше түрлі идеялар айтып жүр. Қой, қой деп отырмын пиары құрысын деп. Пиарсыз да қазір нормально, живой пиарлар көп кетіп жатыр ғой негізі”, – дейді Сиви.
“Осы пиарға да инициатор болған, автор идеи осы күйеуім. Сол күйеуімнің машинасы сол мен ұрған қара машина. Ринат әшейін отыр рөлде. Ринаттың машинасы мүлдем бөлек «Камри». Ол жолдасымның машинасы, өзі беріп көлігін, сондай жертваға барды мен үшін, әйелі үшін”, – дейді Сиви Махмуди.
Сивидің сөзіне сенсек, жолдасы бұл жоспарын жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт әзірленіпті. Тіпті, қымбат көлікті талқандамас бұрын, техникалық жөндеу орталығындағы таныстарын да құлағадар қылып қойған көрінеді.
“Сразу СТО-ға алып кетті ғой. СТО-ға звондап қойыпты, қазір соғылып келемін дайындалып, күтіп отырыңдар деп”, – дейді Сиви.
Иә, соңғы уақытта отағасының белсенділігі анық байқалады! Көк жәшіктен жиі көрініп, тіпті Сивидің клипінде басты рөлді сомдаған Аңсар, бәлкім отандық шоу-бизнестің өкілі атанудан үмітті шығар..?
“100 пайызға кіріп кете алмайды ғой енді. Бірақ, 20-30 пайыз мен үшін ғана ғой, рухани, арасында маған керек кезде… Керек кезде шақырып аламын, өзі келіп сөйлесіп береді бәрімен”, – дейді Сиви Махмуди.