Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 332,49 теңгеге тең болды. Таңғы сауданың бірінші келісімі 335,30 теңгемен өтті. Максималдық құны 332,70 теңге болды, ал минималдық құны – 331,94 теңге. Сауданың жалпы көлемі 120,750 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 332-335,5 аралығында. 25 қазанда Астана уақытымен 58,41-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 58,41 доллар болды.