Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“700 мың теңге алам…”. Депутат Дүйсенбиев ағынан жарылды

376

Сол Екатериновка ауылының көшелері тап-таза, жол салынған, көшелерінде шам жанып тұрады, құдығы дұрыс, адамдары тоқ, малы семіз.  Неге десеңіз, ол ауылдың тұрғындары кішкентай бір мәселе туындай қалса, билікке барып, шағымданып, тұрғындардың барлығы бірауыздан қажетті дүниесін талап етеді. Бұрын  солай істейтін, қазір де сол.

Сосын билік ол ауылдың барлық мәселесін шешіп беріп отыратын.

Ал, қазақ ауылы «ауруын жасырған өледі» демекші, қандай проблема болса да, бәрі бір ештеңе өзгермейді деп отыра беретін.

Мына жерде де солай. Мүмкіндікті пайдаланып, қолдан келгенше тырысу керек. Ол бір глобальный мәселелерді шешу емес. Кез келген заңдағы бір норманы дұрыс жұмыс істейтіндей ғып жазып берсек, сол біздің ортақ игілікке қосқан үлесіміз болып табылады. Заңдарымыздың бір-біріне қарама-қайшы тұстары көп. Бізден шығып жатқан заң халыққа қолайлы, түсінікті болуы керек қой. Ал, енді   халықтың көзіне көріну-көрінбеу ол әркімнің жеке шаруасы.

Бірақ көпшіліктің көзінше суырыла сөйлегенімен, нақты іске салғырт әріптестерім де бар.

Бірақ бізде өкінішке қарай, депутаттың бет-беделін елді аузына қаратып, бір-екі ауыз сөз айтқанымен  бағалайды. Ал, бұл дұрыс емес.

Бізден де ауыр еңбек етіп жатқандар бар

Соларды ойлау керек.Олар Алланың бергенін қанағат тұтып, бала-шағаларын асырап отыр ғой. Оның қасында біздің еңбекақымыз, шүкіршілік.

Қазақта «бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз» дейтін сөз бар.

Шыны керек, біздің жастық шағымыз, мамандық таңдап, оқу оқыған кездер қиын бір кезеңге тап келді. Сол қиындықты да кешіп өттік. Сондықтан бүгін  депутат болдым екен деп, «еркелей» беруге болмайды. Бәрі уақытша: өле өлгенінше ешкім депутат болып жүре алмайды, көптің кебін киесің … Өз басым депутаттың жалақысын тағы да көтеру керек деген ойдан аулақпын.

Қазіргі еңбекақым жеті жүз мың теңге шамасында. Парламентке ақша таба қояйын деп келген жоқпын.

Сондықтан, ол мәселе мен үшін соншалықты маңызды дей алмаймын.

Жылдың басында наурыз айында көтерілген жалақы туралы ғой әңгіме. Депуатттарды бір-бірден ұстап алып, журналистер тергеп, қаншаға көтерілді еңбекақыңыз деп алқымнан ала сұрақтар қойып, бір «аласапыран» болған. Бұл жерде тек депутаттардың жалақысы көтерілді деп даурығу дұрыс емес.

Салыстармалы түрде алсақ, депутаттың жалақысы «Самұрық-Қазынаның» ортаңқол бір басқарушысының жарты айлығына да жетпейді.

P.S. Қазақстанда 1 наурыздан бастап Парламент депутаттарының жалақысы 30-50 пайызға көтерілді. Қазір олардың жалақысы орта есеппен айына 700- 800 мың теңге. Бүгінгі бағаммен есептегенде бұл — 2400 доллар шамасында. ТМД елдерінің ішінде депутаттардың жалақысынан көш бастайтындар Ресей, Қазақстан, Грузия және Украина. Олар, сәйкесінше, 6852, 2445, 1520, 1500 АҚШ долларына тең жалақы алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз