Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген ұсталды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
“ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Болтабек Төлегенді 2,1 миллион теңге сомасында пара алып жатқан жерінен ұстады”, – делінген хабарламада.
“6 қазанда Б.Төлеген Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өз кінәсін толықтай мойындағаннан кейін Н.Р.Шалкеевке қатысты процестік ұстау жүзеге асырылған жоқ. Сот алды тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады ұлттық бюродағылар.