ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе отырып, қазан айында жанар-жағармай импортын ынталандыруға қатысты ортақ ұстанымға келді.
Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
4-қазанда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің қатысуымен өткен жиналыста осындай келісімге қол жеткізілді. Осылайша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнаманың сақталуын қадағалауда жанармайдың сатып алу бағасын ескереді, оның ішінде жанармай саудалау нарығындағы субъектілерге тең жағдайда ықпал ететін импортталған мұнай өнімдері де бар.
Ол көлемнің 100 мың тоннасы ірі желілер үлесіне тиесілі. Басқосуда компанияларға белгіленген жоспарға сай импортты қамтамасыз ету, зауыттарға жанар-жағармай қоры төмен аз бекеттерге жөнелтуге басымдық беруге ұсыным жасалды. Энергетика министрлігі РФ-ның Энергетика министрлігі арқылы АИ-92 маркілі бензин импортына қажетті өзара іс-қимыл жасасуды жалғастырады.